САРЫАГАШСКИЙ РАЙОННЫЙ СУД

Город (район):

Адреса: 
487310, УЛ МАЙЛЫ КОЖА

Комментарии

А Л Ғ Ы С Х А Т

Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Е.Е. Рахманберді мырзаға
ОҚО Сарыағаш ауданы Ошақты ауылдық округі тұрғыны/қазір Алматы қаласы, Жангелдин көшесі, 80 «А» үйде тұрушы/ Асқарбеков Нұрлан Амангелдіұлынан

2008 жылғы 20-21-ақпан күндері ауа райының күрт жылуымен қырдағы қарлар еріп, арық деңгейінен сулар асып, менің арық бойында, яғни ОҚО Сарыағаш ауданы Ошақты ауылдық округіндегі орналасқан үйімді және біршама елді мекендерді су басты. Осы тасқын су апатынан үйіме зардап келіп, жергілікті басқарушы мемлекеттік органдардан/Сарыағаш ауданы әкімдігі, Сарыағаш ауданы төтенше жағдайлар басқармасы, ОҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалдардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы, ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті, ОҚО әкімдігі/көмек болмай шарасыз күйде қалған уақытта, тиісті сот іс жүргізу тәртібімен құрылыс мамандарына келтірілген шығындарды есептетіп, яғни Сот сараптамасын тағайындай отырып топан су залалдарын анықтатып, тиісінше табиғи апат орын алған жайда менің конституциялық құқығымды қорғап мәртебелі судья Зауре ханым әділ сот шешімін шығарды. Бұл сот шешімі ОҚО сотының апелляциялық алқасында қаралып судья С. Б. Жақсылықов тарапынан әділ бағаланды. Өзінің кәсіби шеберлігін дер кезінде көрсете білген, яғни табиғи апат орын алған жайда ҚР мемлекетінің бір отбасын заң аясында дер кезінде қамқорына ала білген, яғни отбасымды дүлей залалдан аман алып қалуға қосқан зор үлесі үшін Сіздің қоластыңызда қызмет жасайтын Алсеева Зауре апайға және Сізге шексіз алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасының Әділет Министірілігі, яғни сот билігі қатарында осындай білікті сот қызметкерлері көбейе берсе екен деп тілеймін!
АЛЛА Сіздерді қамқорына алып, қолдасын!!!

Құрметпен, Асқарбеков Нұрлан Амангелдіұлы
6 наурыз 2012 жыл
Алматы қаласы, үй сымтетігі; 8-/727/-396-51-75, ұялы сымтетік: 8 701 823 20 46